«Сыр сұлуы» деп аталатын дән – Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жобасы.
Жаңа өнім жергілікті ауа райы мен топыраққа бейімделген. Тез пісіп-жетіледі әрі суды көп қажет етпейді.
«Агротехникалық талаптар толық сақталса, онда гектарынан 85 центнерге дейін өнім алуға болады», - дейді ғалымдар. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу институты венгрлік Water Retainer жаңа препаратын сынақтан өткізіп жатыр. Ол топырақтағы ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі. Әдетте күріш алқаптарына 3 ай бойы су жіберілсе, бұл препаратпен 51 күн суарса жеткілікті. Қазіргі таңда Қызылорда облысында көбіне ресейлік күріш сұрыптары өсіріледі. Олардың толық пісіп-жетілуіне 120-125 күн уақыт кетеді.
Тегтер #Қызылорда #ғалымдар #күрішPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz