RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде әлеуметтік тауарлар арзандады

25.08.2025, 21:48 453

Өткен аптада бірқатар әлеуметтік тауардың бағасы түсті, деп хабарлайды 24kz.

Оның ішінде пияз 9%-ке, картоп шамамен 6%, сәбіз 4%, қырыққабат 2,2%-ке және күріш 0,2%-ке арзандады. Бұл туралы Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Үкіметте жаңа өнім келісімшарты мен тұрақтандыру қорларын бақылауды күшейту мәселесі талқыланды. Сиыр еті нарығындағы апталық баға 0,8%-ке өскен. Жыл басынан бергі өсім 20,2%-ке жетті. Алайда бұл әлемдік ет бағасының өсу қарқынынан әлдеқайда төмен. Келесі маусымда картоп бағасын тұрақты ету үшін Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және картоп өсірушілер одағымен бірлесіп бағалар туралы меморандум дайындап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz