RU
Толық нұсқаға өту

Елде 208 мың адам арнайы жәрдемақы алды

26.08.2025, 13:35 417

Елде 208 мың адам арнайы мемлекеттік жәрдемақы алды.

Айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде 15,7 млрд теңге төленді. Мемлекеттік қолдау 1999 жылдан бері жүзеге асып келеді. Оны алуға құқылы азаматтардың 17 санаты белгіленген. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие  тұлғалар бар. Жәрдемақы мөлшері алушының санатына байланысты және 2-ден 138 айлық есептік көрсеткішке дейін өзгеріп отырады. Елде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар да арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz