Ақмола облысындағы Аққайың ауылына газ тартылды.
Айтайық, жыл басынан бері аймақта үш елді-мекен көгілдір отынға қосылды. Алда тағы бірнеше ауыл газбен қамтылады. Бұл жайлы облыс әкімі Марат Ахметжанов айтты.
Аққайың - Ақмола облысына қарасты Астананың іргесіндегі ауыл. 1 мыңға жуық халық қоныстынған елді мекенде 233 үй бар. Кеше осынша тұрғын жай газға қосылып, көпшіліктің қолы көгілдір отынға жетті. Ол үшін ауылға 63 шақырым газ құбыры тартылды.
Санжар Жаркешов, "QAZAQGAZ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы:
- Үлкен қуаныш Аққайын ауылына. Бұл Ақмола облысында мынау Астананың агломерациясына үлкен жобасы. Ең бастысы, мынау Ақмола облысының әкімдігі мен үлкен жұмысы, Қазақгаз ұлттық компаниясының бірлескен осы әкімдікпен, үлкен командалық жұмысының нәтижесі. Осы жылдың басынан бастап Ақмола облысында өте қарқынды жұмыс жасалып, Нұрлы, Шұбар елді мекендері газға қосылды.
Иә, Ақмола аймағында ақжолтай жаңалық жетерлік. Алда көгілдір отынға қосылған елді-мекендердің саны артады. Бұл жайлы облыс әкімі Марат Мұратұлы мәлімдеді. Жауаптылар жыл соңына дейін тағы бес ауылды газбен қамтуға бейіл.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
- Жыл соңына дейін бізде ең бір үлкен елді мекендер, қазір Қоянды, ол жерде 30 мыңнан астам халық тұрады. Талапкер ауылы, ол жерде де 30 мың адам. Қараөткел ауылы және Қосшы қаласы бізде, Алтынсарин ауылы, тағы да бес елді мекенді осы 25 жылға дейін сол газдандырамыз. Әрі қарай 26-27 жылдары Ақмол бар, Тайтөбе бар, тағыда тағы ауылдар бар.
Халықтың осал тобына қолдау білдіру мақсатында QazaqGaz «Әлеуметтік әмиян» жобасын іске қосты. Аталған қызмет газға қосылу кезінде осал топтарға айтарлықтай көмек болады.
Шернияз Жалғасбекұлы, Руслан Әлиев, Ділмұрат Сейдаханов
Тегтер #Ақмола облысы #газ тарту #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz