RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда екі ЖЭО күрделі жөндеуден өтіп жатыр

28.08.2025, 07:45 343

Қарағанды облысында екі жылу энергия орталығы күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Нысандардағы жұмыстар қазан айына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жалпы өңірде алдағы жылу беру маусымына 116 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Осы күнге дейін бұл қаржыға қала мен аудандарда 60 шақырым жылу құбыры ауыстырылды.

Қарағандыда жылдан-жылға құрылыс қарқын алып келеді. Әсіресе Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында көпқабатты үйлер көптеп салынып жатыр. Мұндағы жылу құбырларының үйлерді жылытуға шамасы жетпегендіктен қосымша 2,5 шақырым құбыр тартылды. «Өңір бойынша 1152 шақырым жылу желісі болса, соның  64 пайызы тозған», - дейді мамандар.

Ұлан Ермеков, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде жыл сайын жылу желілерінің тозуын 2 пайызға төмендету көзделген. Қабылданған шаралар бар. 2030 жылға дейін жылу желілері тозығын 40 пайызға дейін төмендету көзделген. Оның арқасында көп бағдарлама жүзеге асуда.

Құбырларды жаңартудың арқасында ақаулар азайып, берілетін жылу температурасы үйлерге жеткенше жақсы сақталады, - дейді мамандар. Қазір жылу энергия орталықтарының қысқа қамданысы қызу. Қарағандыдағы үшінші орталық үйлер мен әлеуметтік нысандардың 80 пайызын жылумен қамтамасыз етеді. Мұнда қазандық пен 2 турбина күрделі жөнделіп жатыр. Осындай ауқымды жұмыстар бірінші орталықта да жасалды.

Мадияр Алтыбаев, Жылумен жабдықтау компаниясының  техникалық директоры:

- Екі станция да қысқы маусымға дайындықты 7 ай, яғни наурыз айынан қазанға дейін жүргізуде. 23,8 млрд теңге ақша бөлінді. Ол қаражат тек қана жөндеу жұмыстарына ғана емес, техникалық дамуға, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға арналған қаражат. 

Облыс бойынша 7 ірі ЖЭО бар. Олардың қысқа дайындығы жоғары. Еске салсақ, былтыр Сарандағы көпқабатты 77 үй бірнеше күн жылусыз қалған. Бұған жаңа жылу орталығының қалыпты параметрлерге келмеуі себеп болған. 

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит, 24KZ

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz