Семей ядролық сынақ алаңынан зардап шеккендерге жапондықтар жәрдемдесуге ниетті.
Күншығыс елі Семей медицина университетінің госпиталіне жаңа жабдықтар алуға 4 млрд теңге бөледі.Бұл қаржыға диагностикалық, және емдеу аппараттары алынады. Заманауи жабдықтармен дертті ерте анықтауға болады, дейді мамандар. Зардап шеккен тұрғындарға медициналық қызмет те тегін болмақ. Жалпы, еске сала кетейік, 1949 - 1991 жылдар аралығында Абыралы өңірінде 497 ядролық жарылыс болған. Бүгін Семей полигонының жабылған күні. 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні деп жариялаған,
Алтай Дюсупов, Семей медицина университетінің ректоры:
- Бұл грант аясында магниттік-резонанстық томограф, компьютерлік томограф және басқа да 11 түрлі медициналық құрылғы орнатылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері деңгейінде келіссөздер жүргізілуде. Аталған медициналық техника Университеттік госпиталь базасында инсульт орталығын ашу мақсатында пайдаланылады.
Тегтер #Семей #сынақ #Жапония #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz