RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында тас жолдарға 26 бейнебақылау камерасы орнатылды 

29.08.2025, 15:00 434

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін тас жолға 26 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Құрылғылар көліктің жылдамдығын тіркейді. Жалпы жыл басынан бері өңірде жол апатынан 52 адам көз жұмып, 1500 адам жарақат алған. Қауіпсіздікті күшейту үшін тасжолдарға   стробоскоптар орнатылып,  жол үстіне дыбыс беріп, ескертетін шу жолақтары төселуде. Сондай-ақ жол белгілері жаңартылып жатыр. Бейнебақылау камералары негізінен халықаралық және республикалық маңыздағы трассалардың бойына қойылды.

Еркін Өтеген, әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұл жерде талдауға сәйкес ең бірінші жылдамдықты асыру, екінші қаржы жолаққа шығу, үшінші рульде ұйықтап кету фактілері орын алып отыр. Біздер осы жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында барлық іс-шараларды қолданып жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz