RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында 17 нысан пайдалануға беріледі

29.08.2025, 15:30 473

Алматы облысында Конституцияның 30 жылдық мерейтойына орай 17 жаңа нысан пайдалануға беріледі.

Соның бірі Көктерек ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт. Жергілікті тұрғындар медициналық тексеруден өту үшін бүған дейін аудан орталығына баратын. Енді алғашқы медициналық көмекті өз ауылдарынан алады. Екі мыңға жуық тұрғыны бар елді мекенге фельдшерлік пункт салу үшін мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен 263 миллион теңге бөлінді. Дәрігерлер жаңа ғимаратта бір мезетте 40 адамды қабылдай алады.

Алмасбек Сәтібаев, "Amanat" партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы:

- Ауданымызда үш ауылдық округте фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылу керек боалтын. Соның бүгін бірінші нысаны ашылуда. Жылдың аяғына дейін ауданымызда екі акушерлік пункт әлі жоспарлануда. Осы нысандардың сапалы салынуын қадағалаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz