RU
Толық нұсқаға өту

Тұрмыстық қалдықтан электр энергиясын алатын зауыт салынады

29.08.2025, 17:28 426

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп электр энергиясын алатын зауыт салынады.

Қажетті жер Алатау ауданынан беріледі. Құрылыс қыркүйек айында басталмақ. Бүгін Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Алматыда қытайлық инвесторлармен келісім-шартты бекітті. Жобаның инвестициялық құны 145 млрд теңге. Зауыт тәулігіне кем дегенде 1600 тонна күл-қоқысты өңдеуден өткізіп одан 60 мВт электр энергиясын алады. Бұл шамамен 100 мыңға жуық тұтынушыны жарықпен қамтамасыз етуге жетеді. Қазақстандағы мұндай алғашқы зауыттың Алматыда салынуы тегін емес. Себебі алып шаһардан тәулігіне 1,5 мың тоннадан аса қоқыс шығады. Оның біраз бөлігі өңделіп, сұрыпталып кәдеге жарайды. Қалғаны полигонға тасталады. «Жаңа зауыт барлық экологиялық талаптарға сай салынады», - дейді жауаптылар. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Қазақстанға ең үздік технологияларды алып келіп отырмыз. Бұл технология жалпы шығарындылар нормативтеріне біздің қазақстандық сәйкес келеді. Одан тыс технологиялары Еуроодақтың да нормативінен төмендеу шығарындылар нормативі көрсеткіштерін береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz