Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі «Дәнекерлеу ісі» бойынша білікті маман даярлайды.
Кәсіптік білім беретін оқу орны NCCER стандартымен халықаралық аккредиттеуден өтті. Колледж бұл сертификатты алған еліміздегі алғашқы оқу орны. Қазір мұнда сұранысқа ие 25 мамандық бойынша білім беріледі. Студенттер өңірдің жетекші кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді. Колледж заманауи зертхана және шеберханалармен толық жабдықталған. Оқу процесі халықаралық талаптарға сай жүргізіледі.
Зарипа Шолтанова, колледж директоры:
- Жалпы коллеждің түлектері өте жақсы көрсеткіштерді көрсетіп жатыр. Біздің өзіміз жақсы бітірген студенттерімізді жұмысқа алып қалып жатырмыз. Биылдың өзінде екі бітіруші түлегімізді өз мамандықтары бойынша жұмысқа алып жатырмын. Жалпы жыл сайын бітірген білім алушыларымызды жұмысқа алып қалу бізге дәстүрге айналып келе жатыр. Ал енді өз мамандықтары бойынша өңіріміздегі ірі кәсіпорындарда жұмысқа орналасатын студенттеріміз де аз емес.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #білім #Ақтау #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz