Ата заңның 30 жылдығына орай Түркістан облысының Сауран ауданында оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемеде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар ем қабылдайды. Орталық заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жоба құны 3 млрд теңгеден асады. Мамандардың айтуынша, бұл жай мекеме емес, балалардың болашағына деген үміт, ата-аналарға сенім мекені. Мұнда балаларға түрлі мамандар қызмет көрсетеді.
Ләззат Есназарова, оңалту орталығының директоры:
- Атап айтар болсақ, дефектолог, логофет, психолог маманы, емдік дене шынықтыру, еңбек инструкторлары балаларға оңалту шараларын көрсету мақсатында жұмыс істейді. Стационарлық жағдайдағы 60 бала осында жатып оқиды. Психоневралогиялық ауытқуы бар 30 балаға күндізгі қатынау бөлімін жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта ол балалар таңертең келіп, кешке кетіп, үй жағдайында болатын балалар болып саналады.
Тегтер #Түркістан облысы #балалар #оңалту орталығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz