Ата Заңымыздың 30 жылдығына орай Павлодарда көк туымыз 180 метр биікке көтерілді, деп хабарлайды 24kz.
Рәміздерге деген зор құрметтің айқын көрінісіне айналған бұл ерекше оқиға Гиннестің рекордтар кітабына енді. Осыған орай Ертіс өңіріне Дүниежүзілік рекордтар кітабының Азия мен Африка елдері бойынша ресми өкілі арнайы келді. Тудың ені – 8 метр, ал ұзындығы – 16 метр. Ал жалпы ауданы – 128 шаршы метр. Бұған дейін әлемдегі тулардың көлемі 60 шаршы метрден аспаған.
Қуандық Құдайбергенов, Дүниежүзілік рекордтар кітабының ресми өкілі:
- Дүниежүзілік рекордтар кітабына ресми түрде кіретін болады. Енді барлық ақпараттар бойынша біз 192 мемлекетке бұл хабарды таратамыз. Сондықтан Дүниежүзілік рекордтар кітабының атынан ресми түрде сізге айтамыз. Биыл желтоқсан айында кітаптың салтанатты ресми ашылуы, сондықтан міндетті түрде Павлодар облысын, әкімдігін, Павлодар қаласының тұрғындарын осындай керемет көрсеткішпен құттықтаймыз. Әлемдік рекорд орнатты.
Замира Солтанова, Халық шығармашылығы орталығының басшысы:
- Өздеріңіз көрдіңіздер, 16 метрлік туды жоғары көтеріп, әлемде болмаған рекордқа кіріп жатырмыз. Шыны керек, қазір барлығымыз толқып тұрмыз. Неге десеңіздер, біз қазір тарихты жазып жатқан күніміз. Тудың салмағы 60 келіні құрайды. Ең алғаш болып бір дронның көмегімен ғана осы бір көк аспанға туымызды желбіреткен жайымыз бар.
Тегтер #Конституцияның 30 жылдығы #Гиннесс кітабы #ту #Павлодар #дрон #рекордPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz