RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда ұлттық киім ұлықталды

30.08.2025, 19:00 396

Петропавлда Конституция күніне орай шапандар шеруі ұйымдастырылды.

Дәстүрлі ою-өрнектермен көмкерілген ұлттық киім киген қыз-жігіттер қаладағы Қазақстан Конституциясы атты жаяу жүргіншілерге арналған көшемен жүріп өтіп, көпшіліктің көзайымына айналды. «Бұл халықтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, ата-бабадан мирас болып келе жатқан мұраны дәріптеуге мүмкіндік береді», - дейді қатысушылар. Сонымен қатар олар ашық аспан астында домбырамен күй шертіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тәрбие Айдымбаева, ұйымдастырушы:

- Ұлттық киімімізді ұлықтап, бүгінгі күні бірнеше тарихи киімдерімізбен қатар, күнделікті киюге арналған киімдерімізді көрсетеміз деп ойлаймыз. Бүгін 30 жуық киім үлгілерін көрсетеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz