RU
Толық нұсқаға өту

Жезқазғанда Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті

31.08.2025, 22:21 372

Ұлытауда Конституцияның 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды 24kz.

Онда жергілікті өнерпаздармен қатар елге танымал эстрада әншілері өнер көрсетті. Салтанатты шара барысында ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды.

Мерекелік шара сахналық қойылыммен басталды. Онда кешегі бабалар берік ұстанған дала заңының жалғасыКонституцияның тарихы өлеңмен өрілді. Алаш алаңына жиылған көпшілікті облыс әкімі Дастан Рыспеков құттықтап, Ата заңның ел бірлігі мен дамуының басты кепіліне айналғанын атап өтті.

Дастан Рыспеков, облыс әкімі:

- Ұлытау халқымыздың тарихында айрықша орынға ие. Мұнда ел тағдырындағы елеулі кездесулер өтіп, маңызды шешімдер қабылданды. 2022 жылы Қазақстар Республикасының Президентінің Жарлығымен Ұлытау облысы құрылды. Бұл шешім өңіріміздің тарихи, географиялық және рухани маңыздылығын көрсетті.

Аймақ басшысы өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік және ведомстволық марапат табыстады. Олардың қатарында «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «ҚР Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі және облыстың Құрмет грамотасы бар.

Есенғали Абжамалов, еңбек ардагері:

- Мен мынау Ұлытау ауданынан келіп отырмын. Бүгінде мен өзім құрылысшымын. Әлі күнге дейін осында жұмыс жасап жатырмыз. Бүгін еңбегім еленіп, осы елдің құрметіне бөленіп, медальмен наградталып жатырмын. Халқыма көп рахмет айтамын.

Әбулаис Мулақов, еңбек ардагері:

- 41 жыл №55-ші шахтада еңбек етіп, зейнетке шыққаныма біраз жыл болды. Сонда да елге еңбек сіңірейін деп Ардагерлер кеңесін басқарып отырмын. Бүгін маған 30 жылдық мерейтойлық медаль табыстап жатыр. Алғысымды айтамын. Азды-көпті сіңірген еңбегім болса, осы марапат әрі қарай күш-қуат береді деген сенімдемін.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Онда жергілікті әншілермен қатар отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz