Өскеменде автомобиль көпірі жартылай құлады. Үлбі өзенінің қуатты ағысы өткел тірегін ағызып кетті.
Соңғы тәулікте су деңгейі 6 метрге дейін көтеріліп кеткен. Қазір көпірде қозғалыс тоқтатылды. Жергілікті билік тосын оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрып, жағдайды шұғыл қызметтер мен қалалық әкімдіктің мамандары зерттеуде. Еске сала кетейік, көпірдің тірек конструкцияларын жөндеу жұмыстары биыл ғана аяқталған болатын. Оны жөндеуге 600 млн теңгеден астам қаражат инвестицияланған. Әкімдік өкілдері көпірді қалпына келтіруді кепілді міндеттемелер бойынша мердігерлерден талап ететінін жоққа шығармайды.
Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:
- Біз Алматыдан арнайы мамандар шақырттық. Соңғы екі жылда осы жерде 600 млн теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылғаны көңілге қаяу түсіруде. Кепілдік міндеттемелер бойынша мердігерлер көпірді қалпына келтіретін болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Өскемен #көпірPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz