RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде тауар сапасына бақылау күшейеді

02.09.2025, 13:52 430

Тұтынушылардың құқығын қорғап, нарықта сапасыз өнімдердің таралуына жол бермеу үшін Қазақстанда ұлттық стандарт қабылданады, деп хабарлайды 24kz.

Оған сай елде тауарларға қатысты ортақ талаптар әзірленеді. Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, Ұлттық стандарт жобасында электрондық саудаға ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы электрондық коммерция экономиканы алға жылжытатын салалардың бірі. Дегенмен, онлайн саудаға цифрландыру жетіспейді. Экономист Бауыржан Ысқақ осылай деп есептейді.

Мәселен банктерді цифрландыруда Қазақстан өзгелерден көш ілгері. Бірақ маркетплейстерге келгенде бұл технология әлі кешеуілдеп тұр. Сарапшы: «Осы бағытта Қытай тәжірибесін ескеріп, отандық тауарларды нарыққа шығаруда цифрлық қолдауды арттыру қажет», - дейді.

Бауыржан Ысқақ, экономист:

- Қазақстан өзін транзиттік мемлекет ретінде және маркетплейстердің платформалаларында тиімді жұмыс жасататындай мемлекет ретінде көрсеткісі келетін болса, біз миына цифрландыруды осы салаға күшпен кіргізуіміз керек. Өйткені біз сол арқылы осы салада кәсіпкерлікті дамытамын дейтін азаматтарға мүмкіндік береміз, екіншіден, тұтынушылардың құқығын қорғауға байланысты. Олардың дайын өнімді діттеген уақытында, сапалы түрде жеткізуін қамтамасыз етеміз. Яғни, бұл да мемлекеттің экономикалық бәсекеге қабілеттілігінің бір көрсеткіші ретінде қарауымыз керек. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz