Елде бордақылау алаңдарының жүктемесін арттыру мақсатында шаруаларға 5 пайызбен бір жыл мерзімге жеңілдетілген несие беріліп жатыр.
Бағдарламаға 50 млрд теңге қаражат бөлінген. Бұл бастама бордақылау алаңдарының жүктемесін 60 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, -дейді мамандар. Жобаға ірі қара және ұсақ мал бордақылаумен айналысатын, қажетті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар қатыса алады. Одан бөлек, сатып алынған мал жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесінде тіркеліп, белгіленген жас және салмақ талаптарына сай болуы шарт.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жеңілдетілген несие #бордақылау #шаруалар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz