RU
Толық нұсқаға өту

Майлы дақылдардың көлемі 4 млн га жетті

03.09.2025, 13:40 324

Биыл ел бойынша 4 млн гектар жерге майлы дақылдар егілді.

Ал бидай алқаптары керісінше 884,6 мың гектарға қысқарып, 12,3 млн гектарды құрады. Оған қоса өңірлерде қант қызылшасын өсіруге басымдық берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақтарда өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған шаралар жүйелі жүргізіліп жатыр. Саланың негізгі міндеті - егіс алқаптарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Мемлекет басшысы жыл сайын 150 мың гектарға дейін су үнемдейтін технологияларды енгізуді тапсырған болатын. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл жоспар артығымен орындалып, 158 мың гектарды құрады. Ал биыл су үнемдейтін технологияларға қазірдің өзінде 109,8 мың гектар алқапқа енгізілді. Жалпы су үнемдейтін технологиялар қолданылатын жер көлемі 580 мың гектарға ұлғайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz