RU
Толық нұсқаға өту

Қаржылық барлау күшейтіледі

03.09.2025, 13:53 297

Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесті.

Әңгімелесу барысында заңсыз жолмен шығарылған активтерді қайтару, қаржылық барлаудың тиімділігін арттыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйым төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичпен жүргізген келіссөз барысында бұрын белгіленген бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыру жайын қарастырды. Жером Бомон Қазақстандағы реформаларды оң бағалап, әріптестікті тереңдетуге дайын екенін айтты. Кездесу соңында тараптар әлемдік қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмыстың маңызын ерекше атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz