Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу.
Жақын күндері Жылу Электр Орталығына жылыту маусымына дайын екені туралы ресми құжат беріледі. Энергетиктер жабдықтардың соңғы техникалық тексерісін аяқтап жатыр. Биыл оны жаңғыртуға облыстық бюджет пен Үкімет резервінен 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Нәтижесінде бірден 4 қазандық күрделі жөндеуден өтті. Көмір беру желісі қалпына келтірілді, турбиналар жөнделді. Сонымен қатар 20 күнге жететін қатты отын қоры жасақталып, станцияға апаратын жылу желілері де жаңартылып жатыр. Қазір қала бойынша 23 учаскеде магистральдық жылу құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Кирилл Голота, Риддер қаласы ЖЭО директорының міндетін атқарушы:
- Биыл станцияны дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Қазір жоғары уәкілетті органдарға өткізу үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Сонымен қатар жыл соңына дейін 350 мың тонна көлемінде отын жеткізуге келісімшарт жасалды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Риддер #ЖЭОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz