RU
Толық нұсқаға өту

«ҚазАэроНавигация» кәсіпорнының құрылғанына 30 жыл толды

03.09.2025, 16:43 438

Еліміздің әуе қозғалысын басқаратын «Қазвэронавигация» кәсіпорнының құрылғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды 24kz.

Ұйым осы уақыт аралығында кешенді жаңғыртудан өтіп, халықаралық деңгейде мойындалған дәрежеге жетті. Кәсіпорын мамандары Қазақстанның әуе кеңістігіндегі ұшу қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етеді. Бүгінде мұнда білікті диспетчерлер, метерологтар мен инженерлер еңбек етіп жатыр. Мәселен былтыр осы мамандардың арқасында 400 мыңнан астам рейс ұшып қонған.

Ердос Сүлейменов, инженер:

- Радиолокатордың арқасында біздің диспетчерлер аспанда 24/7 қанша ұшақ, қай бағытта, қандай биіктікте ұшып келе жатқанын көре алады. Негізгі мақсат – жолаушылардың қауіпсіздігі. Өйткені диспетчер осы локатор арқылы аспанды қарап отырып, өз шешімдерін қабылдайды. 

Мейірбек Абдуллин, әуе диспетчері:

- Дисплейден біз келе жатқан ұшақтың биіктігін, жылдамдығын, яғни, желге, ауаға қатысты жылдамдығын көре аламыз. Және пилот біз берген команданы қалай орындағанын, қай биіктікті белгіледі. Соған дейін көріп отырамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz