RU
Толық нұсқаға өту

Мектептердің 97%-і кәсіби күзетпен қамтылған

03.09.2025, 18:14 389

Мектептердің 98%-іне өткізу турникеттері орнатылып, 97%-і кәсіби күзет қызметімен қамтылды, деп хабарлайды 24kz.

Сонымен қатар 96% білім беру ұйымдары дабыл түймелерімен жабдықталған. Сол секілді 81%-і тікелей полицияның жедел басқару орталықтарына қосылған.

Айтайық, оқу орындарында қауіпсіздікпен қатар медициналық қызмет сапасы да жақсарып келеді. Мәселен, мектеп медбикелерінің саны 9,2%-ке артты. Сондай-ақ білім ошақтарындағы медициналық пункттердің материалдық-техникалық жабдықталуы 15,3%-ке жақсарған.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz