RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында 180 мың гектар игерілмеген жер мемлекетке қайтарылады

03.09.2025, 19:51 444

Павлодар облысында жылдар бойы игерілмей, бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Тек өткен жылы ғана тұрғындар мен бизнес өкілдеріне 600-ден астам жер учаскесі берілген. Бұл 200 мың гектардан аса аумақ. Жалға алу мерзімі аяқталған немесе иелері өз еркімен бас тартқан кейбір жер телімдері де мемлекетке қайтарылған. Биыл тағы 180 мың гектар алқапты ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жоспарланып отыр. Алайда қазіргі таңда бұл көлемнің төрттен бірі ғана игерілген. Дегенмен де, бос жатқан жерлер біртіндеп бизнес пен ауыл шаруашылығы үшін тиімді ресурсқа айнала бастады.

Мұрат Хамитов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

- 2025 жылы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жоспары 180 мың гектарды құрайды. Бүгінгі таңда индикатордың орындалуы 42,3 мың гектар немесе жылдың жоспарының 23,5%-і.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz