RU
Толық нұсқаға өту

Таразда екі ауданды қосатын аспалы көпір салынып жатыр

03.09.2025, 21:43 401

Таразда екі ауданды қосатын көпір құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

4 жолақты көпірмен қоса жаяу жүргіншілер өткелі де салынбақ. Аспалы көпірде мүгедектігі бар жандар үшін арнайы лифт орнатылмақ.

Абай көшесіндегі аспалы көпір құрылысы биыл сәуір айында басталған. Ұзындығы 945 метр болатын өткел Жібек жолы мен Әулие ата аудандарын қосады. Қазір құрылыс алаңында көпірдің тірек қабырғалары салынып, инженерлік желілердің орнын ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Нысан құрылысына 80 жұмысшы мен 12 техника жұмылдырылған.

Нұрсұлтан Исабеков, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі таңда 400 метрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аспалы көпірдің ұзындығы – 24 метр. Бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған өткел бар. ол жерде лифт қарастырылған. Ол жұмыстарды биыл бастап жыл соңына дейін аяқтау жоспарымызда.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 10% орындалған. Ауқымды жоба аяқталса көлік кептелісі азайып, тәулігіне 50 мың автокөлік өткізбек. Ал мердігер компания көлік қозғалысына кедергі жасамау үшін айналма жолдарға асфальт жабындысын төсеп берген.

Нұржан Өмірғалиев, құрылыс алаңының басшысы:

- Құрылыс материалдарын бірінші кезекте Қазақстаннан қамтылады. ҚТЖ-мен жұмыс жүргізіліп жатыр. Жұмыс жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Ешқандай қалу жоқ. Барлық материалдар жеткілікті.

Марат Табынов, қала тұрғыны:

- Бұрыннан күтіп жүрміз. Айналып өткенше осы кептеліс те болмайды. Жақсы болар еді. Ана жерде мектеп бар, балалардың өтуіне де жақсы. Баяғыдай қысылыс көп болмайды. Кептеліс көп болмайды.

Шаһардағы ауқымды көпірмен қоса Ұлы дала шағын ауданында да шағын өткел салынды. 15 пен 16-шағын аудандарды жалғайтын нысан бір апта ішінде пайдалануға берілмек.

Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz