Соңғы уақытта жастар қызмет көрсету саласына көптеп бет бұруда, деп хабарлайды 24kz.
Себебі туризм, шаштараз, мейрамхана ісі мамандықтары еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Сәйкесінше, еліміздегі кәсіптік білім беру ұйымдары да халықаралық деңгейде маман даярлауға ден қойған. Мәселен, Алматы облыстық қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық колледжіне биыл қабылданған 550 студенттің 300-ге жуығы аспаз мамандығын таңдаған. Білім мекемесінің студенттері еліміз бен шетелдің қонақ үй, мейрамхана мен сән салондарында және тігін фабрикаларында тағылымдамадан өтіп, халықаралық сертификат иеленуде. Бұл оларға сервис индустриясында құнды тәжірибе жинақтауға жол ашады.
Бақытгүл Кішібаева, колледж директоры:
- Жұмысшы мамандығы жылы өте үлкен серпін берді. Қазіргі кезде адал еңбек, адал табыс, адал мамандық барысында біз жұмыс жасап жатырмыз. Колледжге 330 студент қабылдайтын болсақ, биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша аталған 6 мамандық бойынша 550 студент қабылданды.
Тегтер #Алматы #қызмет көрсету #Жұмысшы мамандықтар жылы #еңбек нарығы #сұранысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz