Елдегі мектептер мен колледждерде буллинг үшін жаза күшейді.
Енді әлімжеттік көрсеткен баланың ата-анасы айыппұл 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Егер жағдай қайталанса, айыппұл көлемі 30 айлық есептік көрсеткішке яғни 117 960 теңге дейін өседі. Білім беру мекмелерінде "ДосболLIKE" атты антибуллингтік бағдарлама енгізілді. Сондай-ақ аптасына бір рет жеке қауіпсіздік сабағы өтеді. Балалар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін, алаяқтардан қорғануды, төтенше жағдай кезінде әрекет етуді үйренеді. Одан бөлек, оқушылар өз құқықтарының бұзылғаны туралы "111" жедел байланыс орталығы арқылы хабар бере алады.
Тегтер #буллинг #айыппұл #мектеп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz