RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда G2C форматындағы цифрлық сервистер енгізілді

04.09.2025, 12:18 359

Елде G2C форматындағы цифрлық сервистер енгізіліп жатыр.

Бұл мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетіп, ашық әрі қолжетімді етеді. 1 жарым миллион қызмет түрі қамтылған телемедицина сервисі қашықтан кеңес беруге және диагностикалауға мүмкіндік берді. Балабақшалар мен мектептерге қабылдау да цифрлық форматқа көшті. Ұлттық бірыңғай тестілеудің электронды сертификатын енгізу нәтижесінде 83 млн теңге үнемделді. Ал азаматтардың шығыны 300 млн теңгеден астам сомаға қысқарды. 

Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- «Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін тамақ беру процесі бақылауға алынды. Ол арқылы бюджет қаражатын үнемдеп, оны тиімді пайдалануға мүмкіндік туды. Бұл жобаның ауқымы кеңейеді. Ол еліміздегі барлық мектептерде енгізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz