RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа форматта 4,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді

04.09.2025, 13:13 327

Жалпы елімізде проактивті мемлекеттік қызметтер көптеп енгізіліп жатыр.

Бұл азаматтарға өтініш берусіз және халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ берілетін мемлекеттік қызметтер. Қазірдің өзінде Smart Data Ukimet платформасы арқылы 45 сервис қол жетімді. 4 миллионнан астам қызмет көрсетілген және хабарламалар саны 20 миллионнан асты. Бұл әлеуметтік төлемдер, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, медициналық тексерулер немесе жұмысқа орналасу туралы мәліметтер. Сондай-ақ, енді  eGov Mobile қосымшасында құқық бұзушылық туралы хабарлауға болады. Ал mGov-та eGov.AI атты цифрлық көмекші пайда болды. Ол қазірдің өзінде 83 мың өтінішті өңдеген. eGov.AI  жүйені пайдаланушыларға қызметтерді табуға көмектеседі және әрі қарай не істеу керектігін түсіндіреді.

* Smart Data Ukimet арқылы 45 проактивті мемлекеттік қызмет көрсетілді

* Жаңа форматта 4,3 млн қызмет көрсетілді

* Азаматтарға 20 млн push-хабарлама жіберілді

* EGov Mobile арқылы құқық бұзушылық туралы 11,5 мың сигнал түсті

· eGov.AI арқылы 83 мың өтініш өңделді

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz