RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі IT-компаниялар саны соңғы үш жылда 18 мыңнан асты

04.09.2025, 14:30 362

Елдегі IT-компаниялардың саны соңғы үш жылда 18 мыңнан асты.

Astana Hub халықаралық технопаркіне бүгінде 1700-ден астам компания мүше. Оның дамуы цифрлық саланың өсуіне серпін берді. Резиденттердің жиынтық түсімі 1,2 триллион теңгеге жеткен. Экспорттан 140 миллиард теңгеден астам қаржы түсті. Бұдан бөлек, инновациялық экожүйенің негізгі элементі - өңірлік айти-хабтар. Олардың 19-ы Қазақстанда. Сондай-ақ Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, Дубай және Қытай елдерінде шетелдік алаңдар ашылды. Айта кеткен жөн, мамырда жасанды интеллект бойынша алғашқы республикалық олимпиада өтті. Ал Бейжіңде өткен халықаралық сайыста ұлттық құрама мүшелері 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан Польша, Үндістан және Вьетнаммен бірге алтын наградалар саны бойынша төртнші орынды бөлісті. Сонымен қатар Орталық Еуразияда мемлекеттік қызметшілерге жасанды интеллект дағдыларын үйретуге арналған AI Qyzmet бағдарламасы іске қосылды. Қазір мамандарды даярлау және ғылыми зерттеулер алаңы болатын Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын іске қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Жаслан Мәдиев, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- 2024-2025 жылдар ЖИ саласындағы маңызды бастамалардың уақыты болды. 2029 жылға дейінгі тұжырымдама бекітілді, ЖИ және цифрлық трансформацияны дамыту стратегиясы, сондай-ақ жасанды интеллект жөніндегі заң жобасы әзірленуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz