RU
Толық нұсқаға өту

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қатысты заң қатаңдайды

04.09.2025, 16:00 305

Елде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қатысты заң қатаңдайды.

Сондай-ақ терроризм мен жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл заңына өзгеріс енеді. Сенат депутаттары тиісті құжатты екі оқылымда да қарап, мақұлдады. «Бұл тұста жалпы ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, көлеңкелі капитал деңгейін төмендету және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға ден қойылып отыр», - деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қаралған заң терроризм мен экстремизмді, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға бағытталған операцияларға мониторинг жүргізуді күшейтуге арналған. Сонымен қатар Қаржылық мониторингке жататын күдікті қызмет туралы ақпаратты беру тәртібі белгіленді. Қылмыстық қаржы айналымына қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған өзге де түзетулер енгізіліп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz