RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысының диқандары күрішке орақ салды

04.09.2025, 18:30 545

Қызылорда облысының диқандары күрішке орақ салды. Биыл 80 мың 900 гектар жерге күріш егілді. Науқанның басы салтанатты шарамен ашылды.

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты.

«Биыл өңірде 190 мың гектарға дәнді-дақыл егілсе, оның 80 мың гектары күріш алқабы. Диқандардың шілде айында су тапшылығына алаңдағаны белгілі. Мәселені шешуге мемлекет тарапынан дер кезінде көмек берілді. Алқаптардың бір бөлігі су айдау құрылғысы арқылы суарылды. Тіршілік нәрін үнемдеу технологияларын кеңінен енгізгеннің нәтижесінде, а ойдағыдай өнім алдық», - деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

- 80 900 гектар жердің қазір 60 мың гектарын лазерлік тегістеуден өткіздік. Ол арқылы да суды 20-30 пайызға үнемдеп жатырмыз. Тезірек пісетін күріштердің сорттарын өндіріске енгізіп жатырмыз. Алдағы уақытта да бұған үлкен мән береміз. Осы кезден бастап дайындалуымыз керек.

Салтанатты шарада  ауылшаруашылығы мамандары марапатталды. Оларға Үкімет басшысының алғыс хаты мен ауыл шаруашылығы министрлігінің наградалары табысталды. Ал алғашқы орақ салу рәсімі Темірбек Жүргенов ауылына қарасты егін алқабында өтті.   

Әліби Бекжанов, шаруа қожалығының төрағасы:

- Күріштің көлемін азайтқанмен, күріштің зауыттағы сапасын көтеруді жоспарлап жатырмыз. Қазір бізде зауытта 55-60 пайыз шығу берсе. Болашақта 75-80 пайызға дейін шығымдылығын аламыз деп, солай жоспарлап жатырмыз.

Өңірде күріш жинау науқанын қазан айының ортасында аяқтау жоспарланып отыр.

Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев, 24KZ

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz