Елде интернет пен ұялы байланыс нашарлады.
«Актив» желісін қолданушылар осылай деп, ешкімге хабарласа алмай отырғандарын жеткізді. Тұрғындар компанияның ресми сайтында арыз қалдырып, мәселенің шешімін табуды сұрап жатыр. Ал компания операторлары техникалық ақаудың барын жасырмай, жағдайдың тұрақталғанын айтты. Бұған қоса, арна тілшілері «Кейсел» компаниясына мәселеге қатысты сауал жолдаған еді. Компанияның баспасөз қызметі ақаудың болғанын мойындады. Алайда байланыстың нашарлау себебін нақты ашып айтқан жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #интернет #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz