RU
Толық нұсқаға өту

7 айда ₸16,2 трлн өнімі өндірілді

04.09.2025, 23:25 306

Өнеркәсіп өндірісінің өсімі – 6,9 пайыздан асты.

Оның ішінде өңдеу ісі 6,1 пайызға ілгерледі. Әсіресе машина жасау, мұнай, азық түлік, химия салаларында серпіліс бар.  Биылғы жеті айда сектордағы өндірілген өнім көлемі 16,2 трлн теңгеге жетті. Дегенмен босансуға болмайды.  Алда алыс-беріс көлемін арттыру маңызды. Айталық, болашақта бізде 1,5 трлн теңге тұратын 190 жоба іске қосылады. Меже орындалса, 20 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жайлы үкімет басшысы Олжас Бектенов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Соңғы 3 жылда арнайы кокос, тұрмыстық техника, автомобиль шиналары, жүк көлігіне арналған компанеттерді құю өндірісі іске қосылды. тыңайтқыштар мен құрылыс материалдарының, мұнай-газ жабдықтар  мен дәрілік заттардың жаңа түрін өндіру жолға қойылды. Жоғары деңгейлі өнім шығаратын кластерлер құру бойынша 17 ірі жобаны жүзеге асыру жалғасуда. Аталған жобалар аясында отандық шикізатты барынша пайдалану және қосалқы өндірістерді дамыту көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz