RU
Толық нұсқаға өту

Елде екі жылда 340 мектеп пайдалануға берілді

05.09.2025, 11:15 507

Елде «Келешек мектептері» жобасы аясында 310 мың орынға арналған 160 мектеп бой көтерді. «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов білім беру мекемелерінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

Соңғы екі жылда 484 мың орынға арналған 340 білім ордасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 232 жаңа мектепті тапсыру көзделген. 250-ге жуық мекемеге кешенді жаңғырту жұмыстары қарастырылған.

Мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлініп отыр. 150 мың студент мемлекеттік тапсырыс бойынша колледжге қабылданды. Олар сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін кәсіптік техникалық білім алды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіпорындардың сұраныстары бойынша оқитын студенттер саны үш есе ұлғайып, 30 мыңға жетті. Техникалық және кәсіптік білім беруде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру 437 мың теңгеден 913 мың теңгеге дейін өсті. Одан бөлек, биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 мың грант бөлінді.

Студенттерге жыл басынан бері 3 жарым мың орынға арналған 4 жатақхана салынды. Алдағы уақытта тағы 10 мың орындық 29 жатақхана ашылады. Бес жылда орын тапшылығы шамамен 3 есеге, яғни, 61 мыңнан 17 мыңға дейін қысқарды.

1) "Келешек мектептері" жобасы:

160 мектеп - 310 мың орын

2) Соңғы екі жылда: 340 мектеп - 484 мың орын

Жыл соңына дейін - 111 мектеп

245 мектепке кешенді жаңғырту жұмыстары

3)150 мың студент мемлекеттік тапсырыспен колледжге қабылданды

Жұмысшы мамандықтар жылы:

Студенттер саны 30 мыңға жетті

ТжКБ қаржыландыру - 437 мың теңгеден 913 мың теңгеге  ұлғайды

ЖОО гранттары - 93 мың

4) 3,5 мың орындық 4 жатақхана ашылды

Жыл соңына дейін 29 жатақхана

5 жылда орын тапшылығы 61 мыңнан 17 мыңға қысқарды

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz