RU
Толық нұсқаға өту

Кәсіби мереке қарсаңындағы марапат

05.09.2025, 19:00 414

Кәсіби мерекеде өзге де мұнай саласының майталмандары мәртебелі марапатқа ие болды.

Президент атынан мемлекеттік награларды Премьер-министр Олжас Бектенов табыс етті. Олардың қатарында еңбек ардагері, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Қалия Ермышева, мұнай газ саласының ардагері Құндыз Нупов бар. Қадірлі кәсіпті мирас еткен әулеттің жалпы жұмыс өтілі 150 жылға  жуықтайды. Ал Құндыз Нупов бұл салада 40 жылдан бері табан аудармай қызмет етіп келеді. Олар атаулы күні еселі еңбек ескерусіз қалмағанына қуанышты. Әсіресе қарапайым жұмысшылардың мерейін үстем еткен  Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

Қалия Ермышева, мұнайшы, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері:

- Мен 1968 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша мұнай саласында отбасыммен бірге еңбек еттім. Бүгінгі таңда жалпы отбасымыздың еңбек өтілі 150 жылға жуық. Еңбегімізді бағалап, марапаттап жатқан Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін. Ізімізді басып келе жатқан ұл-қыздарымыз, ұрпағымыз аман болсын. Еліміз де бейбітшілік пен тыныштық болып, халқымыз дами берсін.

 Құндыз Нупов, мұнайшы:

 - Президенттің соңғы жылдары ұлттық жобалау компанияларын стратегиялық маңызды жобаларға тартып отырғанын өте дұрыс деп есептеймін. Мұндай жағдайда мұнай-газ жобаларында отандық өндірістен шыққан тауарлардың, соның ішінде  құрылыс материалдары және тағы басқа да тауарлар үлесі арта түспек. Мұны біздер қызмет барысында көріп отырмыз. Барша әріптестерімді бүгінгі мейраммен құттықтаймын, даму жолында талмай, табыстан табысқа жете берейік. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz