RU
Толық нұсқаға өту

ҰҚК шекара қызметіне Астанадан 22 сарбаз аттанды

05.09.2025, 19:42 500

Елордада күзгі әскерге шақырылғандардың алғашқы легі жолға шықты.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне 22 астаналық сарбаз аттанды. Олар Зайсан ауданындағы шекара басқармасында борышын өтейді. Биыл ел бойынша 22 мыңнан астам, оның ішінде елордадан 1200-ден аса азамат әскерге шақырылады.

Ғани Артықов, Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі:

- Бүгін біз еліміздегі әскерге шақыру науқанының алғашқы әскери қызметке жіберіп жатырмыз. Астаналықтарымыз әрқашан әскери қызметке дайын. Ата-аналарымыздың бәрі өз мақтаныштарымен бөлісіп жатыр. Осындай азаматтарымызды өсіріп, ел қорғауға, жер қорғауға жеткізіп, осындай үлкен дәрежеге алып келген ата-аналарға рақмет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz