RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстауда аквашаруашылық іске қосылды

05.09.2025, 19:51 345

Маңғыстауда теңіз аквашаруашылығы іске қосылды.

Бұл Орталық Азиядағы алғашқы жоба. Шаруашылық табиғи ортада Каспий албырты тұқымдас балық өсіреді. Мұндағы балықтар экологиялық таза жеммен қоректеніп, теңіз жағдайында өсірілмек. Бұл - балықтың пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Бүгін Құрық портында алғашқы тор қоршаулар суға түсірілді. Бастапқы екі жылда балық өндірісінің көлемі 1600 тоннаға дейін жеткізіліп, кейін жылына 5000 тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар аквашаруашылықта 80-нен астам жұмыс орны құрылмақ.

Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:

- Бұл жобаға мұрындық болған, осы жобаға бізді итермелеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп шаруашылығын әртараптандыруды керек деген тапсырмасы аясында болып жатыр. Яғни біз қолдау алдық үкіметтен, осыны бастап кеттік. Яғни бұл инвестор мен мемлекеттің ортасында бірігіп келген мәміленің нәтижесі деп айтсақ болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz