Батыс Қазақстан облысы мұнай өндірісі жөнінен аймақтар арасында Маңғыстау мен Атыраудан кейінгі үшінші орында.
Еліміздегі барлық мұнайдың 14,4% Орал өңіріне тиесілі. Өткен жылы мұнда 12,6 млн тонна сұйық көмірсутегі, 24 млрд текше метр газ өндірілген. Ал келешекте Қарашығанақта газ өңдеу зауыты салынбақ. Бұл туралы бүгін мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне арналған жиында айтылды. Салтанатты шарада сала үздіктері марапатталды.
Орал өңірі жерасты қазба байлығымен танылған аймақтардың бірі. Өңірдегі мұнай мен конденсат қоры 329 млн тоннаға бағаланса, газ қоры 883 млрд текше метрді құрайды. Соның негізгі бөлігі Қарашығанақ кенішінде. 2030 жылға қарай мұндағы мұнай өндірісін 12,6 млн тоннадан 14 млн-ға, газ өндірісін 22,4 млрд-тан 31 млрд текше метрге жеткізу жоспарланған. Келешекте мұнай мен газды өңдеуге де баса мән берілмек.
Мирас Мүлкай, БҚО әкімінің орынбасары:
- Мұнай-газ саласы өңір экономикасының негізін қалайтын сала. Биыл Қарашығанақ кен орнының акционерлерімен бірге газ өңдейтін зауыт салу жөнінде концептуальды шешімге қол жетті. Ол кәсіпорында жылына 4 миллиард текше метр тауарлы газ алынбақ. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2028 жыл.
Қыркүйектің алғашқы жексенбісі мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні. Осы кәсіби мейрамға арналған салтанатты шарада сала үздіктері марапатталды. Аймақ басшысының алғыс хатына ие болғандардың бірі жалпақталдық Мәди Меңдешов өз мамандығымен марқаятынын айтады.
Мәди Меңдешов, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ апатты жұмыстарды қалпына келтіру слесарі:
- Шақыртуларға барамыз. Жөндеп кеткесін үйлеріміз әр кісінің айтқан ризашылықтары, артымыздан мекемеге келіп рахмет айтып жатады. Осындай-осындай слесарьлар келіп кетті деп. Фейсбукқа шығарып, алғыстарын білдіріп жатады. Сол кезде осы салада жұмыс істегенім үшін, өзіміз бір дұрыс мамандық таңдадық деп марқайып қаламыз.
Батыс Қазақстан облысы мұнай және газ өндірісі жөнінен аймақтар арасында жетекші үштікке кіреді. Барлық елімізде өндірілген мұнайдың 14,4% Орал өңіріне тиесілі.
Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов
Тегтер #БҚО #газ өңдеу зауыты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz