«Қазанат» атшабары аумағында шатырлар тігіліп, қатар-қатар сөрелер қойылған, деп хабарлайды 24kz.
Фермерлер астана тұрғындарына арнап 250 тоннадан аса өнім әкелген. Оның 30 тоннасы ет, тағы 30 тоннасы сүт өнімдері. Сонымен қатар 200 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидек жеткізілген. Жәрмеңкеге келушілер тек арзан бағадағы өнімді сатып алып қана қоймай, өңірден келген өнерпаздардың концертін де тамашалай алады.
Төлебек Құлекеев, Жамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Біздің облыстан келген 100 шақты шаруашылық Астана қаласына барып келу мақсатында әкімдік тарапынан екі автобус жалдадық. Сондай-ақ 11 КамАЗ жалдадық. Өнімдерін толығымен Астана қаласына жеткізіп, осыны өткізу үшін Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан толық қаржыландырылды. Сонымен қатар осы жердегі шатырларды, павильондарды Астана қаласының әкімдігі өз тарапынан ұсынып отыр.
Тегтер #елорда #Жамбыл облысы #ауыл шаруашылығы #жәрмеңке #фермерлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz