Өзбекстан келер жылы Қазақстанға шамамен 900 млн кВт сағат электр энергиясын тасымалдайды, деп хабарлайды 24kz.
Мамандардың айтуынша, бұл еліміздің оңтүстігіндегі энергия тапшылығы мәселесін шешуге сеп болады. Шолпан-Атада өткен қазақ-қырғыз және өзбек ведомство басшыларының басқосуында энергетика, су шаруашылығы бойынша бірқатар хаттамаға қол қойылды. Қазақстан делегациясын министр Ерлан Ақкенженов бастап барды. Тараптар Тоқтағұл су қоймасынан су жіберу бойынша да міндеттемелерін нақтылады. Аталған шаралар су деңгейін қажетті мөлшерде ұстап тұруға, сондай-ақ алдағы вегетациялық кезеңде оңтүстікте қуаңшылықты болдырмауға бағытталған.
Тегтер #Қазақстан #Қырғызстан #Өзбекстан #энергия #су #келісімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz