Шығыс Қазақстан облысында металлургиялық өндірістер трансформацияланып жатыр. Аймақтың зауыттары мен фабрикаларына «Индустрия 4.0-дің» смарт-технологиялары енгізілді.
Осылайша, күрделі өндірістік процесстер автоматтандырылған жүйеге ауыстырылады. Шахталарға өздігінен жүретін техникалар жіберілсе, цехтарда роботтар лаборант қызметін атқарып, металл балқыту процессін және газдану деңгейін бақылайды. Осылайша жұмысшылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Соңғы 10 жылда қазақстандық металлургия жаңа белестерге қадам басты. Кәсіпорындардың өнімділігі шамамен 7%-ға артты. Күрделі өндірістерді қайта жарақтандыру жұмысшы еңбегін жеңілдетіп, өнім көлемін арттыруға ықпал етті. Бүгінде металлург жұмысшыларына робот-автоматтар көмекші болуда. Мысалы, Өскемен металлургиялық кешенінде16 цех жұмыс істейді және өндірістік процесс цифрландырылған. Сондай-ақ Өскеменнің мыс зауыты да техникалық тұрғыдан жаңғыртылды. Аса күрделі, әрі қауіпті өндірісте металл сынамаларын жинау мен талдау процесі автоматтандырылды. Мыңдаған бақылау датчиктері өндірісті қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды. Өндіріске енгізілген заманауи технология маман-кадерлердің де біліктілігін шыңдауда. Инженер-металлург Нұрақын Тыныбаев салада 35 жылдан бері еңбек етеді. Ол: «Автоматты жүйенің артықшылығы мол», - дейді.
Нұрахын Тыныбаев, Өндірістік басқару алаңы орталығының басшысы:
- Біздің Өскемен металлургия кешенінде негізгі металлургиялық процесстер толықтай автоматтандырылған. Аукытқулар болып жатса, уақытысында металлургтер ауысым шебері сол уақытта қайтадан орнына келтіреді.
Еліміздегі өңдеу өнеркәсбінің 40 пайызы металлургия саласының еншісінде. Осы заманғы озық технологияға негізделген өндіріс қуатты кәсіпорындар ғана емес, бизнестің бастауына айналды. Мұнда техника тілін тап баса білетін жаңа заманның мамандары еңбек етеді. Бүгінде отандық кәсіпорындарда алыс Австарлиядан келген металлургтер тәжірибеден өтіп жүр.
Андрей Лазерев, кәсіпорынның басқарушы директоры:
- Қазіргі заманның металлургі – бұл компьютермен жұмыс істейтін, машиналарды басқаратын инженер. Өндірістерді автоматтандыру арқылы қол еңбегінің үлесі жылдан-жылға азайтуға қол жеткіздік. Жыл сайын жабдықтар жаңартылуда.
Бүгінде қазақстандық металлургия саласында да шикізатты қайта өңдеу үдерістерін жетілдіру жалғасуда. Бұл бағытта құны 687 миллиард теңгеге 29 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ елімізде саланы жоспарлы дамытуға арналған Жол Картасы жұмыс істейді.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Вячеслав Ветлугин, Жігер Бабақанов
Тегтер #металлургия #цифрландыру #зауыт #технология
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz