RU
Толық нұсқаға өту

Екібастұздық кәсіпкер шекарашыларға 50 жылқы сыйлады

08.09.2025, 10:30 421

Екібастұздық кәсіпкер Серік Сәдуақасов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 50 жылқы берді. Бір жарым жасар жабағылар тиелген әскери жүк көліктері Жетісу облысына жол тартты.

Одан әрі Текелі қаласындағы кавалериялық бөлімшеге жеткізіледі. Шекарашылардың айтуынша, жылқыларға  ерекше күтім жасалып, арнайы бағдарлама бойынша үйретіледі. Тек қызметтік талапқа сай келгеннен кейін, шекара заставаларына бөлініп беріледі. Жалпы, шекара қызметінде техника бара алмайтын таулы, орманды аймақтарды атпен аралауға тура келеді.

Жасұлан Қашқаров, ҚР ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің офицері:

Қазіргі уақытта сол жылқыларды тасымалдау жұмысы ұйымдастырылуда. Бұл жылқылар Жетісу департаменті, Панфилов шекара басқармасына қарасты, Текелі қаласында орналасқан қызметтік жылқыларды үйрету бөлімшесіне апарылады. Болашақта бұл жылқылар үйретіліп, шекара қызметінің шекара бөлімшелеріне, мемлекеттік шекараны күзетуге қолданылатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz