RU
Толық нұсқаға өту

Су ресурстарының цифрлық платформасы жасалады

08.09.2025, 14:50 571

Елдегі кей каналдағы судың 50-60 пайызы далаға кетуде. Ал құзырлы органдарда тіршілік нәрінің қолжетімді көлемі туралы мәлімет жоқ. Суды есепке алу технологиясы ескірген.

Су саласындағы осы және өзгеде проблемаларды айтқан Президент біріңғай цифрлық платформа жасау міндетін жүктеді. Бұл жасанды интеллект арқылы жерүсті және жарасты сулары туралы мәлімет жинауға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Шын мәнінде су – стратегиялық маңызы бар ресурс, сусыз өмір жоқ. Сондықтан бұл сала ұлттық цифрлық жаңғыру жұмысындағы басты бағыттың бірі болуға тиіс.

Сондай-ақ каналдардың, су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйі жөніндегі ақпарат болады. Жоба іске қосылғанда гидрогеология мониторингі, яғни бақылау жұмысына қатысты мәселе толық шешімін табады. Осы жұмыс Ұлттық су теңгерімін қалыптастыру ісімен қатар жүргізілуге тиіс. Бұл – ұзақ мерзімге арналған су саясатын жоспарлаудың аса маңызды тәсілі. Онсыз бұл салаға тиісті бақылау орнатып, инвестиция тарту мүмкін емес.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz