«Елдегі инвестиция тарту саясаты мардымсыз. Шетел қаржысы көбіне шикізат саласына тартылып, өңдеу жағы шет қалады.
Демек игерген өнімді кәдеге жарата алмай отырмыз», - деді Президент. Сондықтан ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген тауар шығаруға басымдық беру керек. Әйтсе де бұл жұмыс әлі күнге жүйесіз. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғыртуды тапсырды. Сондай-ақ Ұлттық Банкпен бірлесіп, экономиканың жоғары технологиялық салаларына 1 млрд долларға дейін инвестиция құюды жүктеді. Бұның да арнайы бағдарламасыз баянды болмасы анық. «Ал инвесторлармен қатынас орнату деңгейі мардымсыз. Бәрі бытыраңқы, қағазбастылық көп, органдардың құзыреттері қайталанады. Бұл жарамайды, орнына жаңа ұстаным керек», - деді Президент. Қомақты қаржы құюда арнайы экономикалық аймақтардың да рөлі айрықша. Алайда әлеуеті әрекетсіздікпен әлсіреп тұр. Ал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының көбі коммуналдық мүліктерді басқарумен және маңызды емес жобаларды жүзеге асырумен шектеліп отыр. Олар даму институтына айналуы тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Үкімет осындай корпорацияларды толыққанды даму институтына айналдыруы керек. Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс. Әкімдердің аймақтағы инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеу керек. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аймақтардың инвестициялық тартымдылық индексін енгізуге тиіс. Мүмкін бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшыларды тартқан жөн болар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #инвестиция #Жолдау 2025Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz