Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын.
Қалада қазандықтар мен жылу желілері жөнделіп, жабдықтар жаңартылып жатыр. Қазірдің өзінде 27 қазандықтың 24-і, 17 сорғы станциясының 14-і іске қосылған. Дегенмен салада шешілмеген мәселе де бар - бұл қарыз. Халықтың жылуға берешегі 430 млн теңгеден асса, заңды тұлғалар 300 млн теңгеден астам қарыз. Ал жылу таратушы компания - «Куатжылуорталық-3»-тің өзі жылу өндіруші мекемеге 2,7 млрд теңге берешек. Соған қарамастан компания өкілдері қысқа дайындық толық жүріп жатқанын айтады. Жылу трассаларын тексеру кезінде 100-ге жуық ақау анықталған, көпшілігі қалпына келтірілген. Қалғаны қыркүйектің соңына дейін жөнделеді.
Жанұзақ Махамбетов, «Қуатжылуорталық-3» МКК Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі директор орынбасары:
- Біз кепілдік хаттамалар беріп жатырмыз. Бізге көрсететін қызмет - газ немесе электроэнергия. Оларға біз кепілдік хатпен береміз. Сондықтан жылыту маусымына еш әсері тимейді. Барлығы жылу маусымына 100 пайызбен кіреміз деп отырмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Шымкент #жылыту маусымыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz