Алдағы екі жылда адамның аналитикалық, шығармашылық ойлау дағдысы әлемде өте жоғары бағаланады. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2025 жылғы есебі осылай дейді.
Көшбасшылық қабілеті бар, әлеуметке әсер ете алатын және білімін жетілдіруден жалықпайтындар сұраныстан шет қалмайды. Сонымен қатар алдағы 2 жыл ішінде 10 қызметкердің алтауы білімін қайта шыңдауына тура келеді. «Себебі технология қарыштап дамыған сайын компаниялардың білім беру бағдарламалары жылдам ескіріп жатыр», - дейді мамандар.
Жасанды интеллект пен автоматтандыру қарапайым, қайталанатын жұмыстарды орындауды өз мойнына алып жатыр. Ал адамға тән эмоциялық интеллект, сыни ойлау, креативтілік сияқты қасиеттерді әзірге технология алмастыра алмайды. Жаңа білім мен икемдерді игеруге құштарлық танытқан мамандар ғана тез өзгеретін ортаға бейімделе алады.
Тегтер #Таңдаулы #көшбасшы #мамандықтар #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz