RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ-ды жетілдірудің жаңа тәсілі

09.09.2025, 07:35 382

Кәдімгі араның миы адамдікімен ұқсас екен. АҚШ-тағы Аризона мемлекеттік университетінің зерттеушілері: "Бұл жасанды интеллектіні зерттеуге және оны жетілдіруге көмектеседі", - дейді. Өйткені ЖИ жүйелері көбіне ұмытшақ келеді.

Мысалы, жүйе біреумен танысады, кейін екінші біреуді көрсе, алдыңғысының бет жүзін ұмытып қалуы мүмкін. Ал табиғаттағы тірі жүйелер адам мен арада ғана мұндай ұмытшақтық жоқ екен. Ғалымдардың пайымынша, бұған ұйқының қатысы бар. Ұйқының арқасында мида ақпарат сақталып, жаңа білім алуға орын ашылады. Зерттеу тобы аралардың ұйқы кезінде миының қай бөлігі белсенді, қай бөлігі тынығатынын бақылап жүр. Ғалымдар бұл зерттеу арқылы ЖИ жүйелерінде де ұйқыға ұқсас кезең енгізіп, ақпаратты жоғалтпай, тиімді сақтауға болады деп сенеді.
Тед Павлик, ғалым:
- Табиғатта бал аралары күрделі нәрселерді тез үйренеді. Олар небәрі 30 күн өмір сүрсе де, сол уақыт ішінде гүлдерді ажыратып, қайсысына қайта бару керегін жаттап алады. Ара миының құрылымы қарапайым болғанымен, ол жасанды нейрондық желілерге ұқсайды. Сондықтан біз үшін ара миын зерттеу  ЖИ-дағы басты мәселелердің бірінің шешімі болуы мүмкін. Сол үшін ара миын зерттеуіміз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz