RU
Толық нұсқаға өту

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту – тұрақты дамудың негізгі факторы

09.09.2025, 13:58 552

Тұрғын үй құрылысы қатаң бақылауға алынып жатқанда инфрақұрылымның жаңғыртылуы да заңдылық. Мемлекет басшысы Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына да тоқталды. Қазір елдегі жылу және электр желілерінің жартысына жуығы тозып, сумен жабдықтау жүйелері ескірген.

Оларды жаңарту мен реконструкциялауға жыл сайын триллиондаған қаржы бөлінеді. Бұл істе «Ақылды қала» тұжырымдамасын енгізіп, оны барлық өңірлерге тарату қажет. «Салаға қатысты халықаралық тәжірибені де қолданған абзал», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің әрекетсіздігі салдарынан еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ондаған жыл бойы қараусыз қалып, бірте-бірте оның жай-күйі өте мүшкіл жағдайға түсті. Қазір бұл ахуалды өзгертіп, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Соның ішінде тарифтерді ырықтандыру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру секілді шаралар бар. Мұндай үлгі бойынша тарифтер өскен сайын халыққа сенімді әрі сапалы қызмет көрсетілуге тиіс. Бұл іске «Ақылды қала» тұжырымдамасының көмегі тиеді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz