RU
Толық нұсқаға өту

ТҮКШ саласына қатысты ұлттық жоба қабылданды

09.09.2025, 14:05 372

Әзірге еліміздегі инфрақұрылымның жағдайы мәз емес. Мәселен, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай аймақтары, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай  облыстарындағы желілер 65 пайызға тозған.

Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай өңірлері және Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласындағы электр желілері 70 пайызға дейін тозған.

Сондай-ақ 11 аймақта су құбыры желілері 70 пайызға ескірген. Олардың бәрі қызыл аймақта тұр. Бірақ жауапты ведомство да құр отырған жоқ. Былтыр елде энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған Ұлттық жоба мақұлданды.

Оны іске асыру мақсатында Техникалық оператор институты құрылды. Институттың негізгі қызметі жобаларды дайындау сапасын бақылап, процестердің ашықтығын арттыруға және мемлекет пен тұтынушылардың мүддесін қорғауға бағытталған.

Макка Шинғазиева, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Былтыр бекітілген Ұлттық жоба 2025-2029-шы жылдарға арналған. Яғни ол ұзақ мерзімді әрі тұрақты қаржыландыру механизмін қарастырады. Әрине, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту үшін тиісті инвестициялар қажет. Бүгінге дейін біз 200-ден астам жобаны қарадық. Оның 87-сіне оң қорытынды берілді. Енді Президенттің кешегі Жолдауы бойынша жаңғырту жұмыстарын күшейтеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz