Көлік министрлігі екі ай ішінде контейнерлік тасымалды ынталандырып, мультимодальды бағыттарды дамытудың бағдарламасын әзірлеуге міндеттелді. Бүгін Үкіметте Жолдау жүктеген тапсырмалар талқыланды, деп хабарлайды 24kz.
Оның ішінде «Бақты – Аягөз», «Қызылжар – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол бағыттары, сондай-ақ автожолдардың құрылыс жобаларын уақытылы іске асыру бар. Сондай-ақ барлық көлік түріне бәсекеге қабілетті жаңа тариф саясатын әзірлеу қажет.
Сондай-ақ келесі айдың соңына дейін «Smart Cargo» – кедендік және логистикалық қызметтердің бірыңғай цифрлық жүйесі іске қосылуы тиіс. Үкімет басшысы шетелдік серіктестерді тартып, ұлттық әуе жүк тасымалдаушысын құру міндетін де атап өтті. Осы ретте құзырлы орган аэрохабтарды дамытып, жылдам жүк тасымалын реттеуі қажет. Олжас Бектенов дронмен сәлемдемелерді жеткізу үшін жағдай жасап, заңнамалық шараларды қабылдауды тапсырды.
Тегтер #Көлік министрлігі #логистикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz